Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы № 73 қаулысы
(2013.23.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 196 Қаулысымен күші жойылды
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.23.09. № 248 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Агенттік Басқармасының «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 330 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3329 тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 20, 186-құжат) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың есеп беру ережесінде:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
9) тармақшасындағы «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың зейнетақы активтері инвестициялық басқарудағы әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бөлігінде осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес «Инвестициялау лимиттері» пруденциалдық нормативтерін сақтауы туралы есеп.»;
2-қосымшада: