Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.24.12 № 574 БҰЙРЫҒЫМЕН ...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 574 Бұйрығымен бекітілге

 

Жеке табыс салығы және

әлеуметтік салық бойынша

декларацияға (200.00-нысан)

қосымша

 

Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
ережелері
(200.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі - Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заң), «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - зейнетақымен қамсыздандыру Заңы) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.

Ереже жеке табыс салығы және әлеуметтік салықтар бойынша осы Ереженің қосымшасына сәйкес есептерінің нысанын жасау тәртібін (декларация) айқындайды (бұдан әрі - Декларация), жеке табыс салығын, әлеуметтік салықтарды есептеуге, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын сомаларын аударуға (бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары) есептеу, ұстау (қоса есептеу) және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан әрі - әлеуметтік аударым) әлеуметтік аударымның сомаларын есептеуге, ұстауға (қоса есептеуге) арналған.

Арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, шағын және кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, Салық кодексінің 18, 19-тарауларына, 6 бөлім, 12 бөлімдеріне сәйкес оңайлатылған декларация негізіндегі жеке тұлғаларға қатысты Декларация салық агентімен жасалады.

Осы Ережелердің мақсаттары үшін Салық кодексінің 355-бабы 2-тармағына сәйкес заңды тұлғалардың шешімімен мойындалған құрылымдық бөлімдер әлеуметтік салықты өздері төлеушілер жеке табыс салығы бойынша салық агенттері болып мойындалады.

2. Декларация Декларацияның өзінен (200.00-нысан) және салық міндеттемелері туралы ақпараттарды егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (200.01 - 200.03 нысандар) тұрады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом