Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.24.12 № 574 БҰЙРЫҒЫМЕН ...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574

Бұйрығымен бекітілген

 

Акциз бойынша декларацияға

(400.00-нысан)

 қосымша 

 

Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Акциз бойынша салық есептілігін (декларация) жасау
ережесі
(400.00-нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелері, салық салуға байланысты объектілері үшін акциз сомаларын есептеуге арналған Акциз бойынша салық есептілігін (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны акциз төлеушілер Салық кодексінің 39-тарауына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Енгізу туралы заң) 21-бабына сәйкес толтырады.

Орналасқан орны бойынша салық органында тіркелген салық салуға байланысты объектісі бар акциз төлеуші Акциз бойынша декларацияны Құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объектілер үшін есепті қоса бермей-ақ табыс етеді.

2. Декларация Декларацияның өзінен (400.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (400.01 - 400.08 нысандар) тұрады.

3. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы ережелерде арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом