Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.24.12 № 574 БҰЙРЫҒЫМЕН ...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574

Бұйрығымен бекітілген

 

Коммерциялық табу бонусы

бойынша декларацияға

(520.00-нысан) қосымша

 

Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларация) жасау
ережелері
(520.00-нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Коммерциялық табу бонусы бойынша салықты есептеуге арналған, осы Ережелер қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Декларация) коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігі (декларация) нысандарын жасау тәртібін айқындайды. Коммерциялық табу бонусы бойынша Декларация жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір бөлек келісім-шарт бойынша, жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттар шеңберінде, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде келісім-шартта көрсетілген территорияда пайдалы қазбаларды коммерциялық табу туралы жариялаған жер қойнауын пайдаланушылармен жасалады.

2. Декларация Декларацияның өзінен (520.00-нысан) және пайдалы қазбаларды өндіруге салық міндеттілігін есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған, оған қосымшадан (520.01-нысанынан) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Тиісті көрсеткіштерді нақтылауды қажет ететін, Декларация жолдарын толтыру кезінде Декларацияға қосымша міндетті түрде толтырылады

5. Декларацияға қосымша парағында бар жолдардағы көрсеткіштер саны асқан жағдайында, Декларацияға қосымшаның осындай парағы толтырылады.

6. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «-» белгісімен көрсетіледі.

7. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом