Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2009.24.12 № 574 БҰЙРЫҒЫМЕН ...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2009 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 574 Бұйрығымен бекітілген

 

Көлік құралдары салығы

бойынша Ағымдағы төлемдер

(701.00-нысан) қосымша

 

Көлік құралдары салығы бойынша Ағымдағы төлемдер есебін жасау
ережелері
(701.00-нысан)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және ағымдағы салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін меншік құқығындағы, шаруашылықты жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару құқығындағы, сонымен қатар қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі нысанын (есебін) (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есеп Салық кодексінің 365-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен толтырылады.

2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер болмаған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

4. Осы Ережеде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

5. Сомалардың теріс мәні тиісті жолдың бірінші сол жақ торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.

6. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

7. Қаржы лизингі шарттары бойынша берілген (алынған) объектілер бойынша Есепті лизинг алушы толтырады және табыс етеді.

8. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом