Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ БОЙЫНША САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІН (ДЕ...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы

 Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы

 № 574 бұйрығымен бекітілген

 

Ойын бизнесі салығы

бойынша декларацияға

(710.00-нысан) қосымша

 

 

Ойын бизнесі салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
 ережесі
(710.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және ойын бизнесі салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес ойын бизнесі салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 411-бабында айқындалған ойын бизнесі саласында қызмет көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жасайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (710.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (710.01-нысан) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

6. Декларацияға қосымша Декларациядағы оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Ережеде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.

10. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

2) электронды тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом