Введите номер документа
Прайс-лист

«Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесін және Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 316 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 443 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 12 июля 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 ноября 2020

Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесін және Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы
 № 316 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 12 шілдедегі № 443 Бұйрығы

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 321 бұйрығымен күші жойылды

 

 «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесін және Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2007 жылғы 14 мамырдағы № 316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4707 болып тіркелген, 2007 жылғы 17 тамыздағы «Заң газетінде» № 126 (1155) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырыбындағы «және Өнімнен болжанатын кірісті анықтау әдістемесін» деген сөздер алынып тасталсын;

1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Егістіктің жойылған алқаптарын анықтау әдістемесінде:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің зақымданған немесе жойылған алқаптарын анықтау жоғарыда аталған себу тәсілдеріне сәйкес гектармен жүзеге асырылады.

Егістіктің толық жойылуы - өнімді одан әрі өсіруге және астық жинауға жұмсалатын шығындар өнім алудан түсетін болжамды кірістен асып түсетін егістікке қолайсыз табиғат құбылыстары әсерінің салдары.

Өнімді одан әрі өсіруге және жинауға жұмсалған шығындар өнім алудан түсетін болжамды кірістен асып түсуін комиссия анықтайды және қолайсыз табиғат құбылыстарының әсеріне ұшыраған алқапта егістіктердің 70 % және одан жоғары жойылған немесе зақымданған жағдайда белгіленеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом