Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дания Корольдігінің Үкіметі арасындағы
Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы ноталар алмасу нысанындағы
келісім
(Астана және Копенгаген қ., 2010 жылғы 10 маусымда)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 11 қарашадағы № 1187 қаулысымен бекітілді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ | ДАНИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ Копенгаген қаласы |
13-1/5955
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрлігіне өзінің ілтипатын білдіреді және мынадай мазмұндағы:
«Қазақстан Республикасы Елшілігінің 2009 жылғы 14 ақпандағы нотасына жауап ретінде Дания Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі Дания Үкіметінің қазақстандық дипломаттық паспорттардың барлық иелеріне 2010 жылғы 6 сәуірден бастап Данияға визасыз кіру құқығын беру шешімі туралы хабарлауды өзіне мәртебе санайды. Өзаралық қағидатын назарға ала отырып, Сыртқы істер министрлігі даниялық дипломаттық паспорттардың иелері үшін Қазақстанға кірген кезде осыған ұқсас артықшылықарды күтеді» деген 2010 жылғы 31 нурыздағы № 36. D. 268 нотаны алғанын растауды мәртебе санайды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзаралық қағидатын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дания Корольдігінің Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы ноталар алмасу нысанында келісім жасасуды ұсынуды өзіне мәртебе санайды:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Дания Корольдігінің азаматтарын - жарамды дипломаттық паспорттардың иелерін бірінші кірген сәттен бастап 6 (алты) ай ішінде 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге Қазақстан Республикасының аумағына келу, кету және транзитпен өту мақсатында виза алу қажеттілігінен босатады.