Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жауапты хатшысының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 97 бұйрығымен бекітілді)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 2 июня 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 2 июня 2010

Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа

технологиялар министрлігі

Жауапты хатшысының

2010 жылғы 2 маусымдағы

№ 97 бұйрығымен

бекітілді

 

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті туралы
ереже
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласында реттеу, бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауы, мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес осындай уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасауға құқығы бар.

6. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің штат саны шегінде Министрліктің бірінші басшысымен келісілгеннен кейін, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.

7. Комитеттің заңды мекен-жайы:

010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Орынбор көшесі 10, «Министрліктер үйі», № 13 кіре беріс.

8. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті» мемлекеттік мекемесі.

9. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!