Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы»
2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 15 шілдедегі № 106 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 240 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 83 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4218 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін есептеу ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысы - сақтандыру полисінің қолдану мерзімінің уақыты өткен бөлігіне қатысты сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;
2) полистік жыл - сақтандыру полисінің қолданылу мерзімі басталған күн мен қолданылу мерзімі аяқталған күн арасындағы кезең;
3) реттеуге арналған шығыстар - сақтандыру төлемдерін жүзеге асырумен байланысты бағалаушылар қызметі мен заң қызметін сатып алу бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қосымша шығыстарының сомасы;
4) таза еңбек сіңірілген сақтандыру сыйлықақысы - сақтандыру полисінің қолдану мерзімінің уақыты өткен бөлігіне қатысты қайта сақтандырушының үлесі ескерілмеген сақтандыру сыйлықақысының бөлігі;