«Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 26 шілдедегі № 373 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 163,164, 166, 167-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салықтық әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5463 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 20 ақпандағы № 27 (1624) нөмірінде жарияланған) 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 637 бұйрығына мына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
кіріспесіндегі «(Салық кодексі)» деген сөздерден кейін «және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
23) тармақшадағы «мен салықтары» деген сөзі «, салықтары және өсімпұлдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақшадағы «және салықтары» деген сөзі «, салықтары және өсімпұлдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
37) осы бұйрықтың 38-қосымшасына сәйкес, дебиторлардың банкноттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы хабарлама;
38) осы бұйрықтың 39-қосымшасына сәйкес төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы кеден органының өкімі;
39) осы бұйрықтың 40-қосымшасына сәйкес төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы, - деген тармақшалармен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 23-қосымшада:
бас тақырыптағы «мен салықтар» деген сөзі «, салықтар және өсімпұлдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші азат жолдағы «Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 353-» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-» деген сөздермен ауыстырылсын.
көрсетілген бұйрыққа 24-қосымшада: