Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері
арасындағы 2011 - 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы
ҚР Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 тамыздағы № 856 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Қабылданды - ҚР 2010 жылғы 30 қарашадағы № 359-IV Заңын қара
Осы Заң республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің 2011 - 2013 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған жылдар бойынша бөлінген абсолюттік көріністегі көлемін айқындайды.
1-бап. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала бюджетінен республикалық бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлардың көлемі
1. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала бюджетінен республикалық бюджетке 2011 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 111 190 063 мың теңге, оның ішінде:
Атырау облысынан - 43 359 321 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 13 490 396 мың теңге;
Алматы қаласынан - 54 340 346 мың теңге сомасында белгіленсін.
2. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала бюджетінен республикалық бюджетке 2012 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 110 794 270 мың теңге, оның ішінде:
Атырау облысынан -41235583 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 16 888 595 мың теңге;
Алматы қаласынан - 52 670 092 мың теңге сомасында белгіленсін.
3. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала бюджетінен республикалық бюджетке 2013 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 130 342 827 мың теңге, оның ішінде:
Атырау облысынан -46 116 400 мың теңге;
Маңғыстау облысынан - 25 476 461 мың теңге;
Алматы қаласынан - 58 749 966 мың теңге сомасыңда белгіленсін.
2-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, астана бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі
1. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, астана бюджетіне берілетін 2011 жылға арналған бюджеттік субвенциялар 785 566 988 мың теңге, оның ішінде:
Ақмола облысына - 49 340 811 мың теңге;
Ақтөбе облысына - 21 580 226 мың теңге;