ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрдің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 4 тамыздағы
№ 597 бұйрығына
1-қосымша
«Сыра және алкогольсіз сусындарды өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Сыра және алкогольсіз сусындарды өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (бұдан әрі - санитариялық ереже) санитарлық-эпидемиологиялық ереже меншік түріне қарамастан сыра және алкогольсіз сусындарды өндіріп және сатумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға арналған.
2. Осы санитариялық ереженің талаптарын орындауды және ұйымның санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын ұйымның басшылары мен жеке тұлғалар қамтамасыз етеді.
3. Осы санитариялық ережеде мынандай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) полиэтилентерефталаттан жасалған бөтелкелер (бұдан әрі ПЭТФ) - құрамында алкоголі жоқ сусындарды құю үшін керекті бөтелкелерді өндіретін преформа (дайындама);
2) жарма - ұсатылған арпа дәні;
3) кегтер - ішіне ауа өтпейтіндей етіліп металдан жасалған цилиндр тәрізді сыйымдылықтар;
4) купаждау орны - арнайы құрамдағы, түрдегі өнімді алу және өнімнің сапасын жақсарту үшін әртүрлі тағам өнімдерін белгілі бір қатынаста араластыруға арналған сыйымдылық;
4-1) шағын өндіріс объектісі - қуаттылығы тәулігіне 10000 литрден аспайтын сыра және алкогольсіз сусындарды өндіретін объект;
5) шайырлау - сыйымдылықтардан сұйық ақпауы үшін арнайы заттармен өңдеу;
6) «жылжымалы қатар» - арпа дәнін өсіруге арналған арнайы құрал-жабдық;
7) тағамдық қоспалар - тағамдарды дайындау және өндіру үдерісі барысында белгілі бір қасиет беру немесе оның сапасын сақтау үшін тағам өнімдеріне қосатын табиғи және жасанды заттар немесе оның қосындылары;
8) уыт - дақылдардың дәнін өсіру арқылы алатын өнім;
9) сатуратор -сұйықты көмір қышқыл газымен байытуға арналған аппарат;