ҚР Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына
5-қосымша
Тауар шығарылған жерлердің атауы мен тауар шығарылған жерлердің атауын
пайдалану құқығына берілетін өтінімді жасау, рәсімдеу және қарастыру жөніндегі
нұсқаулық
(2018.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Әділет министрінің 2015.30.06. № 363 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауардың шығарылған жерінің атауына өтінімді әзірлеу рәсімін және (немесе) пайдалану құқығын ұсынуды, оны қарау және рәсімдеу рәсімін, сондай-ақ тауардың шығарылған жерінің атауын тіркеу және пайдалану құқығын тіркеу рәсімін белгілейді.
ҚР Әділет министрінің 2015.17.03. № 158 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2015.30.06. № 363 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) географиялық көрсеткіш - белгілі бір аумақтан, аймақтан немесе жерден шығарылатын тауарды бірыңғайландыру көрсеткіші;
2) Дүниежүзілік Зияткерлік меншік Ұйымы (бұдан әрі - ДЗМҰ) - Зияткерлік меншік саласында елдің ынтымақтастықты және халықаралық саясатты реттейтін және қамтамасыз ететін халықаралық ұйым;
3) өтініш беруші - тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге өтінім берген, жеке немесе заңды тұлға;
4) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жатқызылған салаларда (тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын және тауар шығарылған жерлердің атауларын, қорғау саласында қызмет көрсету) қызметтің жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;