Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы Астана қаласы әкімдігінің
2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 23-754қ Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-158 Қаулысымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықты жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 3-1-65қ қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 308 болып тіркелген, 2004 жылғы 12 ақпандағы № 21 «Астана хабары»; 2004 жылғы 27 наурыздағы № 34 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру Қағидасында (бұдан әpi - Қағида):
10-тармақтың 3) тармақшасы «дейін» деген сөзден кейін «(медицина оқу орындарының түлектері үшін 29 жасқа дейін)» деген сөздермен толықтырылсын;
Қағидаға 1-қосымшада:
3-тармақтың 1-2) тармақшасы мына редакцияда жазылсын: