ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 11 тамыздағы
№ 628 бұйрығына
1-қосымша
Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар
1. Жалпы ережелер
1. «Көмір өнеркәсібі объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (Бұдан әрі - санитариялық ереже) жер учаскесін таңдауға, өндірістік ғимараттарға және құрлыстарға, технологиялық процесстерге және жабдықтарға және жұмыс орындарына, жер асты және ашық жолдарымен көмірді және жанғыш тақта тасты өндіру бойынша өндірістік объектілердегі, байыту және брикетті фабрикалардағы еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, тамақтану жағдайларына, сумен жабдықтауға, желдетуге, жылуға және жарықтандыруға, көмір өнеркәсіптерінде пайдаланылатын жабдыққа қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы санитариялық ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) көмір өнеркәсібі объектісі - көмірді шығаруды, байытуды және брикетирлеуді (көмірді төртбұрыштап текшелеп, престеп) өндіретін объект;
2) анкерлеу (қаланған тастарды ұстастыратын темір) - арнайы детальдармен (металды, темір бетонды, ағаш стержндер) машиналар мен имараттардың бөліктерін бекіту;
3) брикетирлеу (көмірді төртбұрыштап текшелеп, престтеу) - кейінгі қолдануында шығынды азайту мақсатымен ұсақ көмірді дұрыс формалы кесектерге (брикеттерге) престеу;
4) брикет фабрикасы - арнайы құрал-сайманның көмегімен көмірді брикетирлейтін кәсіпорын;
5) генерация - электр энергиясының, шудың, вибрацияның, электромагниттік және жарық тербелістерінің шығарылуы;
6) гидроциклон - орталықтан тепкіш күштің көмегімен сулы ортада тығыздығы бойынша ерекшеленетін минералдардың және басқа бөлшектердің дәндерін бөлуге арналған аппарат;