«Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс
түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы
министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 қыркүйектегі № 457 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 26 желтоқсанда № 5419 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесінде:
7 «Ескерту» бағанында:
барлық мәтін бойынша «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«халықаралық ұйымдарға» деген сөздерден кейін «, басқа халықаралық және өзге органдарға» деген сөздермен толықтырылсын;
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
1 «Тауарлар мен қызметтерге шығатын шығыстар» сыныбында:
130 «Тауарларды сатып алу» кіші сыныбында:
131 «Тамақ өнімдерін сатып алу» ерекшелігі бойынша:
7 «Ескерту» бағанында: