Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы аудандық 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 3-310 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы аудандық сотының судьясы Б.А.Сатыбалдиев, прокурор С.Уразбаевтың, жәбірленуші Р.Муканованың, құқық бұзушы К.Сунгатовтың оның қорғаушысы А.Еркегалиевтың қатысуымен, аудандық сотының ғимаратында, ашық сот мәжілісінде, Бөкей Ордасы аудандық ішкі істер бөлімінен келіп түскен, Сунгатов Кайрат Кыйматовичті, 26.12.1987 жылы Батыс Қазақстан облысында туылған, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ, бойдақ, спорт мектебіндежатықтырушы, жеке куәлік № 017040719 ҚР ӘМ 22.04.2005 жылы берілген, тұрағы БҚО, Бөкей Ордасы ауданы, Сайқын ауылы Жексенбаев көш. 2үй, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған;
ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі істі қарап, АНЫҚТАҒАНЫ:
22.09.2010 жылы сағат 02-00 шамасында, К.Сунгатов Сайқын ауылында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратының алдында алкогольды мас күйінде Р.Муканованы балағаттап төңірегіндегілерді сыйламаушылық білдірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында сұралған К.Сунгатов өзінің кінәсін мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетілген мән-жайды толық қуаттап, жәбірленуші Р.Мукановадан кешірім сұрады.
Жәбірленуші Р.Муканова сот отырысында ішкі істер органына жазған арызын толық қуаттап 22 қыркүйек 2010 жылы К.Сунгатов оны оның құрбыларының көзінше балағаттағанын және құқық бұзушы К.Сунгатов одан кешірім сұрағанын көрсетті.