Қызылорда облысы, Қазалы аудандық сотының 2010 жылғы 4 қазандағы № 3-1441 Қаулысы
Қызылорда облысы, Қазалы аудандық сотының судьясы Сабыров А.А., Қазалы аудан прокурорының аға көмекшісі Т.Танхиевтің, құқық бұзушы Г.Шакмановтың, арызданушы А.Лукманованың қатысуларымен, өзінің ашық сот мәжілісінде;
22.02.1969 жылы Қазалы ауданында туылған, ұлты-қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, жеке куәлік №009316040, СТТН:330310292416, жанұялы, жұмыссыз, Әйтеке би кенті, Ақан сері көшесі № 2-үй тұрғыны, бұрын әкімшілік жазаға тартылған, Шакманов Галымбек Калынбасовичке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 79-5-бабының 1-бөлігімен жинақталған әкімшілік ісін қазақ тілінде қарап, Анықтағаны:
Құқық бұзушы Г.Шакманов, 01.10.2010 жылы сағат 22:20 шамасында үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, туған келіні А.Лукмановаға былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық көрсетіп отбасы тынышытығын бұзып ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1-бөлігінде қаралған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Сотта, құқық бұзушы Г.Шакманов құқық бұзушылығын толық мойындап, оның бәрі мас болғанының салдарынан болғанын, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, енді ондайға жол бермейтінін көрсетіп, әкімішілік жауаптылықтан босатуды сұрады.