Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығы
(2010.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес өзіне мыналарды:
бюджет түсімдерінің сыныптамасын;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасын;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қамтитын Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымы бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (А. Қалиева) Заң қызметі департаментімен (Е. Мейрамов) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Қаржы министрінің 2010.29.04. № 198 Бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 304 Бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2010.01.09. № 432 Бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 1 сәуірдегі
№ 141 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы
1) Бюджет түсімдерінің сыныптамасы
| Санаты |
| | Сыныбы |
| | Ішкі сыныбы |
| | Ерекшелігі |
| | Атауы |
| 1 | | | | Салықтық түсімдер |
| | 01 | | | Табыс салығы |
| | | 1 | | Корпорациялық табыс салығы |