Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 122 қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 224 Қаулысымен күші жойылды
Нормативті құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 18 желтоқсандағы № 486 қаулысына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2124 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесінде:
3-тармақтың:
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қағаз тасымалдаушыда жасалған есепке басшы (ол болмаған кезде - оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер қол қояды және еркін нысанда жасалған ілеспе хатпен жіберіледі.»;
жетінші және сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші басшы (ол болмаған кезде - оның орнындағы тұлға) және бас бухгалтер электрондық тасымалдаушыда берілген мәліметтердің қағаз тасымалдаушыда берілген мәліметтерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.