Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.18.04 № 365 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты жекелеген ұйымдардың мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 365 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы» және «12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» (бұдан әрі - орталық) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні:

1) білім және ғылым саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

2) білім саласында, оның ішінде 12 жылдық білім беруге көшу проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;

3) білім беру жүйесін, оның ішінде 12 жылдық білім беру мазмұнының теориясын реформалауды әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету;

4) білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру болып белгілесін.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын және орталықтың жарғысына тиісті өзгерістерді бекітуге енгізсін;

2) әділет органдарында кәсіпорынның тіркелуін және орталықтың қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом