Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрдің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 588 бұйрығына
1-Қосымша
«Тамақ өнімін қайта өндеу және өндіру бойынша объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережелері
1 - бөлім. Жалпы ережелер
1. «Тағам өнімдерін өндеу және өндіру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері (бұдан әрі- Ережелер) тағам өнімдерін өндеу және өндіру бойынша объектілер қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді (бұдан әрі - объекті), бұлардың сақталынбауы адам өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді және оған мынадай санитарлық-эпидемиологиялық талаптар енеді:
1) құрылысқа жер учаскесін таңдау;
2) объектіні қайта жобалау, құру, реконструкциялау, қайта профильдеу, жөндеу және пайдалануға енгізу;
3) объектіні сумен қамтамасыз ету, кәріздеу, жарықтандыру және желдету;
4) өндірістік үй-жайлардың ауасы мен микроклиматына;
5) үй-жайларды, жабдықтарды ұстау және пайдалануына;
6) тағам өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, өлшеп орау, кәдеге асыру және жоюға;
7) тағам өнімдерін йодтау және байытуға;
8) жүктерді тасымалдау және сақтау жағдайларына;
9) өнімдердің радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздігін, соның ішінде оның құрамында генетикалық өзгертілген нысандардың бар болуын өндірістік бақылауды ұйымдастыруға;
10) өндіріс қалдықтарды жинау, пайдалану, зарарсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуге;
11) қызметкерлердің еңбек жағдайына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтылуына;
12) қызметкерлердің гигиеналық оқытылуына.
2. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер мен анықтамалар колданылды:
1) Алдын ала толықсытылған қамыр-толықсытылған қамырдың нормативті техникалық құжаттарға сәйкес температура мен ауа ылғалдылығында ұсталуы;
2) Аз экстракциялық өндіріс - өсімдік майын өндіретін, майлардың гидрогенезациясы мен бөлшектенуін жасайтын объектілері;