Введите номер документа
Прайс-лист

Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім (Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 19 қарашада)

Информация о документе
Датапятница, 19 ноября 2010
Статус
Действующийвведен в действие с 19 ноября 2010
Дата последнего измененияпонедельник, 29 декабря 2014

Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы
келісім
(Санкт-Петербург қ., 2010 жылғы 19 қарашада)

 

ҚР 2011 жылғы 28 маусымдағы № 445-IV Заңымен ратификацияланды

2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі,

1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты басшылыққа ала отырып,

Тараптар мемлекеттері азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету міндетін басым деп есептей отырып,

үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы көші-қон процестерін реттеудің маңызды бағыттардың бірі ретінде қарай отырып,

халықаралық құқық және Тараптар мемлекеттері заңнамасының нормаларын негізге ала отырып,

үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөнінде Тараптардың ынтымақтастығы үшін құқықтық негіз жасауға ұмтыла отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісім үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі Тараптар ынтымақтастығының бағыттары мен нысандарын айқындайды.

Осы Келісім Тараптардың бірі мемлекетінің аумағына осы Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген тәртіппен баспана немесе босқын мәртебесін алу мақсатында үшінші мемлекеттерден келген тұлғаларға қолданылмайды.

 

 

2-бап

 

Осы Келісімнің мақсаттары үшін онда қолданылатын терминдердің мынадай мағынасы болады:

келу мемлекеті - аумағына үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келетін Тараптардың бірінің мемлекеті;

үшінші мемлекет - осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекет;

үшінші мемлекеттердің азаматтары - осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттердің азаматтары;

уәкілетті органдар - құзыретіне осы Келісімнің ережелерін іске асыру кіретін Тараптар мемлекеттерінің органдары;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом