Введите номер документа
Прайс-лист

«Сотталған жәбірленушіні қасақана өлтіру мақсатында оқ атқан деген сот тұжырымы тек болжамға негізделген» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 2а-103-10 Қаулысынан үзінді

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 2 июня 2010
Статус
Действующийвведен в действие с 2 июня 2010
Дата последнего изменениясреда, 2 июня 2010

Сотталған жәбірленушіні қасақана өлтіру мақсатында оқ атқан деген сот тұжырымы тек болжамға негізделген
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау алқасының 2010 жылғы 2 маусымдағы № 2а-103-10 Қаулысынан үзінді

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының 2010 жылғы 19 қаңтардағы үкімімен:

У., бұрын сотталмаған,

ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен кінәсіз деп танылып, әрекетінде бұл қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған;

ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігімен, 96-бабы 2-бөлігінің «и» тармағымен 9 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуге сотталған.

Үкім бойынша кәмелетке толмаған У. атыс қаруын қолданып, бұзақылық ниет-пен жәбірленуші Т.-ны қасақана өлтіру мақсатында оған оқ атқаны үшін айыпты деп танылған.

Апелляциялық шағымдарында сотталған У.-дың заңды өкілі мен қорғаушысы үкіммен келіспей, сотталғанның адам өлтіруге оқталғаны туралы айып дәлелденбеген деп санайды, сондықтан үкімді бұзып, сотталған У.-ды ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 96-бабы 2-бөлігінің «и» тармағы бойынша ақтап, оны ҚК-нің 257-бабының 3-бөлігімен айыпты деп тануды сұраған.

Сотталғанның жағдайын ауырлататын наразылық немесе шағым келтірілмегендіктен, оның апелляциялық сатыдағы соттың отырысына қатысу жөніндегі өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.

Жәбірленуші Т. сотқа берген арызында сотталғанды кешіргенін көрсеткен.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами