«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 598 Бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын органдардың штат санын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар туралы» 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 1072 Жарлығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобында:
5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобына:
476 бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі мынадай мазмұндағы 001, 002, 003, 100, 106, 107, 108, 109, 115, 123, 124 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«476 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі
001 Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер
002 Ақпараттық жүйелер құру
003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары
100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
106 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жергілікті атқарушы органның төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу
107 Жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу