«2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 33-339қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 10 қарашадағы № 33-1057қ Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 06-178 Қаулысымен күші жойылды
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 21 сәуірдегі № 33-339қ қаулысына (Астана қаласының Әділет департаментінде 2010 жылғы 14 мамырда № 626 болып тіркелген; 2010 жылғы 20 мамырдағы № 52 «Астана ақшамы» газетінде және 2010 жылғы 25 мамырдағы № 59 «Вечерняя Астана» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
Алматы ауданы шақыру комиссиясының құрамына:
Қасымов Руслан Саттарұлы - Астана қаласы Алматы ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы төраға болып;
Әбутәліпов Серік Махреддинұлы - Астана қаласы Алматы ауданы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары;
комиссияның көрсетілген құрамынан А.Б. Байдәулетов, У.К. Қуандық шығарылсын;
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
Сарыарқа ауданы шақыру комиссиясының құрамына: