Техникалық реттеу саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 432 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Сапа саласындағы конкурстарды өткізудің кейбір ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті төрағасының 2001 жылғы 2 мамырдағы № 128 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2004 жылғы 31 мамырдағы № 138 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылдың 28 маусымда № 2919 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 16, 125 құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 98 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің, 2005 жылғы 23 маусымдағы № 171 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылдың 27 шілдедегі № 3574 болып тіркелген, «Заң газеті» 2005 жылғы 8 қыркүйекте № 164 жарияланған);