Введите номер документа
Прайс-лист

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау ережесі (230.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген) (2011.04.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 20 декабря 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 16 февраля 2012

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2010 жылғы

20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен

 бекітілген

 

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша

декларацияға (230.00-нысан)

қосымша

 

ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
ережесі

(230.00-нысан)

(2011.04.05. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке табыс салығын есептеуге арналған жеке табыс салығы және мүлік бойынша салық есептілігі нысанын (декларацияны) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 185-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары, соттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес декларация беру бойынша міндет жүктелген жеке тұлғалар жасалады.

2. Декларация Декларацияның өзінен (230.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (230.01 - 230.03 нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көздер толтырылмайды.

5. Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде Декларацияға қосымша, міндетті толтыруға жатады.

6. Көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда Декларацияға қосымша жасалмайды.

7. Осы Ережеде мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

8. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді.

9. Декларация жасау кезінде:

1) қағаз түрінде - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом