«Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 28 қарашадағы № 541 бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдауын ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы № 122-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2810 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк багажды тасымалдау ережелерінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу қол технологиясы бойынша немесе АБЖ терминалының көмегімен жүргізіледі.
Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату билет кассаларында және/немесе электрондық жүйесі арқылы жүргізіледі. Жол жүру құжаттарын (билеттерін) талап ету орны бойынша жеткізу қосымша ақы үшін жүзеге асырылады.»;
12-тармақта «депутат куәлігі» деген сөздерді «босқын куәлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
«32-1. Өзіне өзі қызмет көрсететін транзакциялық терминалдардың жол жүру құжаттарын, осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бланкіде жолаушылардың өздерімен тікелей жол жүру құжаттарын ресімделу процесін жүзеге асыруға арналған.»;
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын: