Введите номер документа
Прайс-лист

Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларацияны) жасау ережесі (700.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 20 декабря 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 16 февраля 2012

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2010 жылғы

20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен

бекітілген

 

Көлік құралдары салығы, жер салығы

мен мүлік салығыбойынша декларацияны

(700.00-нысан) қосымша

 

ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігі (декларацияны) жасау
ережесі
(700.00-нысан)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Бұл Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің көлік құралдары салығын, жер салығы мен мүлік салығын есептеуге арналған Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігін (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 365, 373, 394-баптарында көрсетілген салық төлеушілер, сондай-ақ Салық кодексінің 407-бабында көрсетілген объектілер бойынша жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар толтырады.

2. Декларация Декларацияның өзінен (700.00-нысан) және көлік құралдары салығын, жер салығы мен мүлік салығын салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (700.01-ден 700.03-ке дейінгі нысандар) тұрады.

3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөзі толтырылмайды.

5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.

6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.

7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Ережеде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом