Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қараша № 1156 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жетілдіру жөнінде одан әрі жүргізілетін шаралар туралы» 1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 4075 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы (бұдан әрі - Академия) қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік Басқару Мектебі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының құқықтары мен міндеттерінің құқылық иегері болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті заңдарда белгіленген тәртіппен Академияға, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген, қайта ұйымдастырылған ұйымдардың мүлкін беретін болсын.