Мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 370 «Қостанай қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2011 жылғы 25 қаңтардағы № 382 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Қостанай қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 370 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-160 тіркелген, 2011 жылдың 11 қаңтарында «Қостанай» газетінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мына редакцияда жазылсын:
«1. 2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 13858670,0 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 10530810,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 64120,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 674603,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 2589137,0 мың теңге;
2) шығыстар - 14259341,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 258325,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 258325,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -658996,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 658996,5 мың теңге.»;
көрсетілген шешім мына мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3, 3-4, 3-5 тармақтарымен толықтырылсын:
«3-1. 2011 жылға арналған қалалық бюджетте мынадай мөлшерлерде нысаналы трансферттерді қайтару қарастырылғаны ескерілсін:
республикалық бюджетке 6542,6 мың теңге сомасында;
облыстық бюджетке 890,1 мың теңге сомасында.
3-2. 2011 жылға арналған қалалық бюджетте мына мөлшерлерде нысаналы ағымдағы трансферттер және республикалық бюджеттен даму трансферттерінің түсімі қарастырылғаны ескерілсін: