Введите номер документа
Прайс-лист

2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге хаттама (Пекин қ., 2009 жылғы 14 қазанда)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 14 октября 2009
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 14 октября 2009

2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты
ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімге
хаттама
(Пекин қ., 2009 жылғы 14 қазанда)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Тараптар» деп аталады)

2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Мұнай және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелік келісімді (бұдан әрі келісім «Негіздемелік» деп аталады) негізге ала отырып,

Қазақстаннан шығарылатын мұнайды және/немесе үшінші елдерден транзиттік мұнайды Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) пункті бағытындағы Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбырлары арқылы тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Негіздемелік келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2-бап мынадай абзацпен толықтырылсын:

«Тараптар екі Тараптың Уәкілетті органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерімен мұнайды мұнай құбыры арқылы ҚХР-ға тасымалдау шарттарын жасасу жөнінде келіссөздер жүргізуге жәрдем көрсетуді тапсырады.

2. 7-бап мынадай абзацпен толықтырылсын:

«8-баптың ережелері орындалған және мұнайдың жеткілікті түрде негізделген көлемі болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі Құмкөл - Қарақойын - Атасу учаскесінде тасымалдау үшін техникалық мүмкіндіктің болуына кепілдік береді және осы Негізгі келісімнің мақсаты үшін «ҚазТрансОйл» АҚ-ны Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қазақстандық мұнайды және/немесе үшінші елдерден транзиттік мұнайды Атырау - Алашанькоу мұнай құбыры жүйесіне дейін тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі бірыңғай оператор етіп белгілейді.

3. 8-бапта:

1) 2-абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мұнай тасымалдау инфрақұрылымын салуды аяқтауға және жоспарланған мынадай:

2010 жылдан бастап - жылына 10 млн. тонна;

2011 жылдан бастап - жылына 12 млн. тонна;

2012 жылдан бастап - жылына 14 млн. тонна;

2013 жылдан бастап - жылына 20 млн. тонна Атырау - Алашанькоу мұнай құбыры арқылы және одан әрі ҚХР-ға тасымалданатын Қазақстанда шығарылатын мұнайды және/немесе үшінші елдерден шығарылатын транзиттік мұнайды қабылдау үшін Алашанькоу пунктінде техникалық мүмкіндіктің болуына»

2) екінші абзацтағы «кепілдік береді» деген сөздер алып мынадай абзацпен толықтырылсын:

«Қытай Халық Республикасының Уәкілетті органының Қазақстан Республикасы Уәкілетті органына белгіленген тәртіппен мұнайды тасымалдау мен транзиттеудің осы тоқсанға арналған кестелерін жасау және бекіту тиісті тоқсанның басына дейін 30 күн бұрын Қазақстанда шығарылатын мұнайды және/немесе үшінші елдерден шығарылатын транзиттік мұнайды Қытай Халық Республикасына Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбырлары арқылы тасымалдауды жүзеге асыруға тоқсан сайын, өтінім береді, бұл ретте Қытай Халық Республикасына жеткізілетін мұнайды тасымалдау және/немесе транзиті тоқсан сайынғы кестелерін жасау Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің бар техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, осы бапта көрсетілген жылдық мұнай көлемдерін тоқсандар бойынша тең бөлу қағидаты бойынша жүзеге асырылады.».

4. 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«Тараптар мұнай және газ саласындағы саясат пен ақпаратқа және ынтымақтастық жобаларына қатысты кездесулерді, алмасуларды, консультацияларды белсенді түрде жүргізуге, сондай-ақ Тараптардың екеуінің Уәкілетті органдарына экономикалық негізделген желілік тарифті есептеу әдіснамасының жобасын әзірлеуді және оны Алашанькоу пунктінде жобалық қуаты жылына 20 млн. тоннаға жететін мұнай құбырында пайдалану мүмкіндігі үшін осы жобаны Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына қарауға және келісуге енгізуді тапсыруға келісті.

Осы Келісімнің 8-бабының ережелері орындалған және мұнайдың жеткілікті негізделген көлемдері болған кезде Тараптар Атырау - Кеңқияқ, Кеңқияқ - Құмкөл, Атасу - Алашанькоу учаскелерінде тасымалдау үшін техникалық мүмкіндіктерді тиісінше ұлғайтуға күш-жігерлерін салады.».

 

 

2-бап

 

Осы Хаттама қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және Негіздемелік келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.

 

2009 жылғы 14 қазанда Пекин қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру немесе қолдану жөнінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

 

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Қытай Халық Республикасының

Үкіметі үшін

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами