Алматы қаласы Мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылғандығы туралы
Алматы қаласы Мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 шешімі
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24-наурыздағы «Құқықтық нормативтік актілер туралы» Заңының 27-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23-қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабы 5-тармағының сәйкес IV сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын;
II сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі XXXVII сессиясының «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетідің тәртібі мен көлемі туралы Ережені бекіту туралы» № 557 шешімі (2003 жылғы 6-қазандағы № 557 нормативтік құқықтық актісімен мемлекеттік Реестрде тіркелген, «Алматы Ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінің № 158-160 сандарында жарияланған).
III сайланған Алматы қаласы Мәслихатының 2004 жылғы 29-шілдедегі VШ сессиясының «II сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 16-қыркүйектегі XXVII сессиясының «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен көлемі туралы Ережені бекіту туралы» № 557 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 69 шешімі (2004 жылғы 5 тамыздағы № 612 нормативтік құқықтық актісімен мемлекеттік Реестрде тіркелген, «Алматы Ақшамы», «Вечерний Алматы» газеттерінің № 171-172 сандарында жарияланған).
III сайланған Алматы қаласы Мәслихатының 2005 жылғы 28-қаңтардағы ХII сессиясының «II сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 1-қыркүйектегі XXVII сессиясының «Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен көлемі туралы Ережені бекіту туралы» № 111 шешімі (2005 жылғы 1-ақпандағы № 641 нормативтік құқықтық актісімен мемлекеттік Реестрде тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2005 жылғы 3-ақпанындағы № 13 санында, «Вечерний Алматы» газетінің 2005 жылғы 5-ақпанындағы № 24 санында жарияланған).