«2011-2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 301 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 324 шешімі
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 1 наурыздағы № 01-1/465 хатымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 104 бабының 5 тармағына, 106 бабының 2 тармағының 4 тармақшасына және 4 тармағына, 109 бабының 5 тармағына, сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2011 - 2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 301(нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 3-1-147 санымен тіркелген, 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 7-8 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақтағы:
1) тармақшадағы:
кірістер «19 728 602» сандары «19 795 744» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
трансферттер түсімдері «6 391 449» сандары «6 458 591» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
шығындар «21 823 935» сандары «22 166 911, 8» сандарымен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы:
қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо «30 000» сандары «70 000» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу «30 000» сандары «70 000» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
бюджет тапшылығы « -2 125 333» сандары « -2 441 167, 8» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
бюджет тапшылығын қаржыландыру «2 125 333» сандары « 2 441 167, 8» сандарымен ауыстырылсын.
2) 9 тармақтағы:
1 азат жол бөлігінде:
«293 555» сандары «290 697» сандарымен ауыстырылсын;
3 азат жол бөлігінде:
«452 443» сандары «522 443» сандарымен ауыстырылсын;