Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 1041 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 67 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 8, 65-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 қыркүйекке және 1 наурызға дейін Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне 15 қыркүйекке және 15 наурызға дейін Стратегиялық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.»;
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Астана қаласын орнықты дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспарында:
«Кіріспе» деген бөлімде:
он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Стратегиялық жоспарды іске асыруды дамудың стратегиялық міндеттерін саралау және кезең-кезеңмен шешу кағидаттарында құру көзделеді. Стратегиялық жоспарды іске асырудың негізгі тетігі болып аумақтарды дамыту бағдарламалары белгіленді.»;
он төртінші бөліктегі «әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларының» деген сөздер «аумақтарды дамыту бағдарламасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Астана қаласын орнықты дамытудың стратегиялық мақсаттары» деген 4-бөлімде:
«Орнықты экономикалық дамуды камтамасыз ету» деген 4.1-кіші бөлімде:
«Астана қаласының орнықты экономикалық дамуы жөніндегі стратегиялық міндеттер» деген 4.1.2-тарауда:
он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: