«2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» қалалық мәслихаттың
2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/369-4с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2011 жылғы 29 наурыздағы № 47/398-4с шешімі
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 1-12 Хатымен қолданыс мерзімі аяқталғанға байланысты күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 16 наурыздағы № 38/389-IV «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2044 тіркелген шешіміне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/369-4с (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14-1-128 тіркелген, 2011 жылдың 12 қаңтарында және 3 ақпанында «Оңтүстік таңы» № 01-02, № 5 газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы:
1) тармақшадағы «38 245 859» деген сандар «44 693 454» деген сандармен ауыстырылсын;
«16 291 606» деген сандар «22 739 201» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «44 249 181» деген сандар «51 664 776» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «-5 991 764» деген сандар «-6 959 764» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «5 991 764» деген сандар «6 959 764» деген сандармен ауыстырылсын, «6 004 141» деген сандар «6 972 141» деген сандармен ауыстырылсын.
2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2011 жылға арналған қала бюджетінде облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттері келесідей мақсаттарға қарастырылғаны ескерілсін: