«Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 8 ақпандағы № 47-НҚ бұйрығы
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 20 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5602 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1650) нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тәулік зоналары бойынша және (немесе) оны жеке тұлғалардың тұтыну көлеміне қарай электр энергиясына арналған тарифтерді энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың саралау ережесінде:
1-тармақтағы «(жеке және заңды тұлғалар үшін)», «(жеке тұлғалар үшін)» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақ:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) тәулік зоналары бойынша электр энергиясына сараланған тарифтер - осы Ережеге сәйкес тұтынушылар үшін қолданылатын тәулік уақытына қарай электр энергиясының әртүрлі тарифтері;»;
мынадай мазмұндағы 16-тармақшамен толықтырылсын:
«16) тұтыну көлемдеріне қарай электр энергиясына арналған сараланған тарифтер - осы Ережеге сәйкес тұтынушы - жеке тұлғалар үшін қолданылатын тұтыну көлемдеріне қарай әртүрлі электр энергиясының тарифтері (екі деңгейлік немесе үш деңгейлік).»;
4-тармақ алып тасталсын;
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: