Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 176 бұйрығы
(2009.21.10. берілген өзгерістермен)
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2009.21.10. № 244 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса тіркелген бекітілсін:
Технологиялық құбырлар желісінің құрылымы және оларды қауіпсіз пайдалану талабы.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 18 қыркүйекте № 172 «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар енгізілсін:
Мыс өндірісіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талабына мынадай параграфтармен толықтырылсын: 11-1, 11-2, 11-3 және 19-1 параграфтар:
«11-1-параграф. Мыс гидрометаллургиясы. Жалпы талаптар
241-1. Қабылдау және шығындау бақтары сұйық деңгейін өлшеу құралдарымен және шектік толтыру шектеушілерімен немесе артық құю трубаларымен жабдықталған.
241-2. Агрессивті сұйықтар трубақұбырларының фланецті қосындыларының қорғаныс сырты болады. Адамдар жүретін орындарда фланецті қосындыларды орнатуға жол берілмейді. Трубақұбырларының астынан адамдар жүретін орындар үстінен науалар орнатылады.
241-3. Фланецті қосулардағы ағуларды жою насостарды сөндіргеннен және трубақұбырларды босатқаннан кейін жүргізіледі.
241-4. Едендер, ағынды арналар және зумпфалардың гидроқшаулауы болады. Арналар қақпақтармен (торлармен) жабылады.
241-5. Технологиялық процессте қолданылмайтын гидрометаллургиялық қондырғылар, трубақұбырлары технологиялық сызбаның өзгеруі немесе басқа себептерге байланысты демонтаждалған немесе қолданыстағы сызбадан көрінетін алшақтықпен ажыратылады. Ажыратылған трубақұбырларының ұштары сенімді бітеледі.
11-2-параграф. Мыс электролизі
241-6. Электролиз процессіне осы Ереженің 241-1, 241-2, 241-3, 241-4, 241-5-тармақтарының талаптары таратылады.