Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 22 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 172 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2000 жылғы 2 маусымдағы № 262 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1189 тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Банктер қаражатының бір бөлігін ішкі активтерге орналастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақтағы «жарғылық капиталдың немесе банктің баланс бойынша меншікті капиталының (есеп айырысу кезінде банктік операцияларды жүргізуге лицензия алынған сәттен бастап бір жыл ішінде жаңадан құрылған банкке арналған шағын шектер қолданылады) орташа айлық мөлшері,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің ішкі міндеттемелері Қазақстан Республикасы резиденттерінің алдындағы реттелген борышты, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі мерзімсіз қаржы құралдарын, Қазақстан Республикасының резиденттеріндегі банк шығарған борыштық бағалы қағаздарды және банктің кастодиандық шарт негізінде қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелерді білдіреді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: