Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 сәуірдегі № 344 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтиже көрсеткіштері» деген бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтиже көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
Жұмыспен қамту саласын реттеу 1-стратегиялық бағытында:
«Еңбек нарығында теңгерімділікті және әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету» деген 1.1-мақсатта:
1-жолдан кейін:
«
| 1. Жұмыссыздық деңгейі | статдеректер | % | 6,6 | 6,6 | 6,4 | 6,2 | 6,0 | 5,9 | 5,5 |
»
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
| оның ішінде әйелдер | статдеректер | % | 7,5 | 7,2 | 7,1 | 7,0 | 6,8 | 6,7 | 6,5 |
| 2. Жұмыспен қамту бағдарламасының іс-шараларымен қамтылған азаматтар саны | ресми деректер | мың адам | - | - | 50 | 250 | 300 | 400 | 450 |
| 3. Жұмыспен қамтылған халық құрамындағы өз бетінше жұмыспен айналысушылардың үлесі | статдеректер | % | 33,7 | 33,3 | 32,0 | 30,5 | 29,0 | 27,5 | 26,0 |
»;
1.1.1. және 1.1.2-міндеттер мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 1.1.1 -міндет. Жұмыспен тұрақты және тиімді қамтуға жәрдемдесу (Жұмыспен қамту бағдарламасы) |
| Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері | Ақпарат көзі | өлшем бірлігі | есепті кезең | жоспарлы кезең |
| 2009 ж. | 2010 ж. | 2011 ж. | 2012 ж. | 2013 ж. | 2014 ж. | 2015 ж. |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
| 1. Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамту орталықтарына өтініш берген азаматтардың саны, оның ішінде | ресми деректер | мың адам | - | - | 60,0 | 270,0 | 320,0 | 420,0 | 470,0 |