«2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы»
қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/369-4с шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2011 жылғы 26 мамырдағы № 49/409-4с шешімі
Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 1-12 Хатымен қолданыс мерзімі аяқталғанға байланысты күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 12 мамырдағы № 40/393-IV «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 35/349-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2045 тіркелген шешіміне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2011-2013 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/369-4с (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14-1-128 тіркелген, 2011 жылдың 12 қаңтарында және 3 ақпанында «Оңтүстік таңы» № 01-02, № 5 газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы:
1) тармақшадағы «44 693 454» деген сандар «44 420 029» деген сандармен ауыстырылсын;
«19 733 964» деген сандар «20 171 078» деген сандармен ауыстырылсын;
«35 822» деген сандар «41 966» деген сандармен ауыстырылсын;
«2 184 467» деген сандар «1 951 517» деген сандармен ауыстырылсын;
«22 739 201» деген сандар «22 255 468» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «51 664 776» деген сандар «51 418 232» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «-6 959 764» деген сандар «-6 986 645» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «6 959 764» деген сандар «6 986 645» деген сандармен ауыстырылсын, «686 623» деген сандар «713 504» деген сандармен ауыстырылсын.
2 тармақтың сегізінші абзацындағы «136 314» деген сандар «109 111» деген сандармен ауыстырылсын;