«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 238 Бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 16 маусымдағы № 353 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің құрамына:
Орынханов Мұрат Кәдесұлы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төраға;
Бектемесов Мақтағали Әбдімәжітұлы - Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы;
Қасымбеков Бақтыбай Әшімбекұлы - Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушы;
Абылқасымова Алма Есімбекқызы - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының президенті;
Сиқымбаев Серік Жолдасбекұлы - Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры;
Қоғамов Марат Шекішұлы - Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры;
Бәшімов Марат Советұлы - Қаржы полициясы академиясының бастығы енгізілсін;
көрсетілген құрамнан: Сарыбеков Махметқали Нұрғалиұлы, Байжұманов Мұхтар Қазбекұлы, Шаяхметов Саят Болатұлы, Балықбаев Тахир Оспаны, Құсайынов Әмірлан Айдарбекұлы, Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы, Тілеухан Рамазан шығарылсын;