Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 748 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген бөлімде:
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау» деген 1.1-мақсатта:
«Тарихи» ластануларды жою, табиғи ортаны қалпына келтіру» деген 1.1.2-міндет мынадай мазмұндағы тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне жетуге арналған іс-шарамен толықтырылсын:
«
«Ақтөбе облысының Елек өзеніне жанасатын аймақта алты валентті хроммен ластанған № 3 тәжірибелік-өндірістік учаскенің жерасты суларын тазарту» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді және ведомстводан тыс сараптама жүргізуді аяқтау | Х | | | | |
»;
«Халықаралық экологиялық ынтымақтастықты тереңдету, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін реттейтін халықаралық конвенцияларды іске асыру» деген 1.1.3-міндетте:
«Қол қойылған екіжақты және көпжақты келісімдер» деген жолдың 6-бағанында «0» деген сан «2» деген санмен ауыстырылсын;
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық экологиялық конвенцияларға ратификацияланған хаттамалар» деген жолдың 6-бағаны «2» деген санмен толықтырылсын;
«
Бразилия Федеративтік Республикасы, Кувейт Үкіметтерімен қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою | | X | X | | |
»