«Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 421 бұйрығы
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
1 «Салықтық түсімдер» санатында:
06 «Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар» сыныбында:
2 «Халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар» кіші сыныбында:
02 «Отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде алынатын баждар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«02 Арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары»;
мынадай мазмұндағы 05, 06, 07-ерекшеліктермен толықтырылсын:
«05 Беларус Республикасынан түсетін арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары
06 Ресей Федерациясынан түсетін арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждары
07 Арнайы қорғалатын, демпингке қарсы және өтемақы баждарды қайта бөлуден түсетін соманы аудару бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе (жартылай) уақтылы орындамағы үшін мерзімін өткізу пайыздарының сомасы»;
08 «Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер» сыныбында:
1 «Мемлекеттік баж» кіші сыныбында:
20 «Механикалық көлік құралдары мен прицептердің техникалық қараудан өту куәліктерін бергені үшін алынатын мемлекеттік баж» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын: