«Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 393 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5489 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесінде:
46-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы толық көлемдегі жылдық есепті - онда бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бөлімі бюджет түсімдерінің санаттарын, сыныптарын, кіші сыныптарын және сыныптама ерекшелігін, ал бюджеттің шығыстарын қамтитын есептің бөлімі функционалдық топтарды, функционалдық ішкі топтарды, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, бағдарламаларды, кіші бағдарламаларды қамтуы тиіс толық көлемдегі электрондық деректер қоры түрінде есептіден кейінгі жылдың 10 ақпанынан кешіктірмей, сондай-ақ қағаз тасушыда осы Ереженің 7 және 8-тармақтарына сәйкес қалыптастырылған есептіден кейінгі жылдың 10 наурызға дейін.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Ведомство мемлекеттік бюджеттің атқарылуы туралы есепті қалыптастыру үшін жауапты бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне мынаны ұсынады: