Мақсатты топтардағы балаларға пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 6 Қаулысы
Республикада пневмококк инфекциясына қарсы иммундық профилактиканы жетілдіру мақсатында және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша):
1) осы қаулымен бекітілген пневмококк инфекциясына қарсы профилактикалық егулерді жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқауға сәйкес 2011 жылғы 1 шілдеден бастап мақсатты топтардағы балаларға пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялауды;
2) кезек күттірмейтір медициналық көмекті уақтылы көрсету мақсатында егілгендерге медициналық қадағалау жүргізуді;
3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің аумақтық департаментіне пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялаудан кейінгі реакциялар мен асқынулардың апта сайынғы мониторингін тапсыруды;
4) 5 жасқа дейінгі балалардың, оның ішінде 1 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығының ай сайынғы мониторингін ұсынуды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағадау комитетінің Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша департаменттерінің директорлары:
1) мақсатты топтардағы балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялаумен толық қамтуға бақылауды;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялаудан кейінгі реакциялар мен асқынулардың апта сайынғы мониторингін ұсынуды;
3) пневмококк инфекциясына қарсы вакцинаны пайдалануды, оны сақтау және тасымалдау кезіндеі салқындату тізбегі шартының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.