Мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 370 «Қостанай қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 449 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 370 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-160 тіркелген, 2011 жылдың 11 қаңтарында «Қостанай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1) кірістер - 14939591,0 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 10630810,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 64120,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 674603,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 3570058,0 мың теңге;
2) шығыстар - 15841187,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 57400,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 57400,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -958996,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 958996,5 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 3-2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«3-2. 2011 жылға арналған қалалық бюджетте мынадай мөлшерде нысаналы ағымдағы трансферттер және республикалық бюджеттен дамуға трансферттер түсімі қарастырылғаны ескерілсін:
эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізуге 1972,0 мың теңге сомасында;
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім тапсырысын іске асыруға 70007,0 мың теңге сомасында;
негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға 16388,0 мың теңге сомасында;