Введите номер документа
Прайс-лист

«Еңбекке қабілетін жоғалтуына байланысты сақтандыру төлемін алған қызметкер мемлекеттік бюджеттен зиянды өндіру туралы талап етуге құқылы емес» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2011 жылғы 26 мамырдағы № 3гп-203-11 Қаулысынан үзінді

Информация о документе
Датачетверг, 26 мая 2011
Статус
Действующийвведен в действие с 26 мая 2011
Дата последнего изменениячетверг, 26 мая 2011

Еңбекке қабілетін жоғалтуына байланысты сақтандыру төлемін алған қызметкер мемлекеттік бюджеттен зиянды өндіру туралы талап етуге құқылы емес
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2011 жылғы 26 мамырдағы № 3гп-203-11 Қаулысынан үзінді

 

Азаматтар Д., К., У., Б. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен (бұдан әрі - Министрлік), «Казфосфат» ЖШС-нан (бұдан әрі - ЖШС) еріксіз жоғалтқан жалақыны, моральдық зиянды өндіру туралы сотқа талап арыз берген. Талап арызда олар химиялық кәсіпорында көп жыл жұмыс істеген кезде зиянды еңбек жағдайының салдарынан кәсіби ауруға шалдығып, мүгедектікке ұшырағандарын көрсеткен. Олар еріксіз жоғалтқан жалақының жинақталған сомасын және әрқайсысына 2 000 000 теңгеден моральдық зиян өндіруді талап еткен.

Тараз қалалық сотының 2010 жылғы 26 тамыздағы шешімімен талаптар ішінара қанағаттандырылған. Министрліктен еріксіз жоғалтқан жалақы есебіне: Д.-ға - 2 605 975 теңге, К.-ға - 6 877 654 теңге, У.-ға - 3 655 337 теңге, Б.-ға - 4 437 487 теңге өндіру, ЖШС-дан Д., К., У.-ға - 60 000 теңгеден, Б.-ға - 70 000 теңге моральдық зиян өндіру жөнінде шешім шығарып, талап арызды қалған бөлігінде қанағаттандырудан бас тартқан.

Жамбыл облыстық соты апелляциялық алқасының қаулысымен сот шешімі өзгертіліп, ЖШС-дан барлық талапкерге 70 000 теңгеден моральдық зиян өндіру белгіленген, қалған бөлігінде сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Облыстық соттың кассациялық алқасы қаулыны өзгеріссіз қалдырған.

Министрліктің өкілі А. іс бойынша қабылданған сот актілерімен келіспей, республикалық бюджет есебінен өндірілген моральдық зиян қаржысын ЖШС-дан өндіруді сұрап өтініш берген.

Министрлік өкілінің өтінішті қолдаған пікірін, талапкерлердің өкілі С.-ның Министрліктен үлестік тәртіппен қаржы өндірілгенін негізді деген уәжін, сот актілері бұзылуға тиіс деген прокурордың қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерттеп, қадағалау сот алқасы төмендегідей тұжырым жасады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами